Пекин 2022. Спортшыларымыз 5 ақпан күні 5 спорт түрінен сынға түседі

1904

Бүгін XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп, еліміздің көк туын Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдова қазақ батыры мен Сақ патшайымы Томирис кейпінде ел алдына алып шықты.

Пекин 2022. Спортшыларымыз 5 ақпан күні 5 спорт түрінен сынға түседі

5 ақпан күні Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар бес сайыс түрінен сынға түседі. Сонымен сенбі күні елорда уақытымен 12:20-да ерлер арасында трамплиннен секіруден іріктеу сайыстары бойынша Сергей Ткаченко, Данил Васильев жарыс жолына шығады. Ал 13:45-те шаңғы жарыстары басталып, онда скиатлоннан әйелдер арасында Валерия Тюленева, Ангелина Шурыга, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкиналар финалда бақ сынайды. Шаңғышылар 7.5 шақырымды классикалық стильде, ал қалған тағы 7.5 шақырым жарыс жолын еркін стильде жүріп өтеді.

14:30-да 300 метрге конькимен сырғанауда, финалда әйелдер арасында Надежда Морозова ел намысын қорғайды.

Нұр-Сұлтан уақытымен 16:30 және 17:30-да ерлер арасында фристайлдан екінші іріктеу жарыстары өтеді. Оған қазақстандықтардан Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков қатысады.

Елорда уақытымен 17:38-де ерлер арасында шорт-тректен Әділ Галиахметов сынға түседі. Жарыс жолының ұзақтығы 1 000 метр. Ал 18:23, 18:53, 19:26-да шорт-трек бойынша аралас командалық эстафетадан ширек финалдық, жартылай финалдық және финалдық бәсекелер өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл сайыс бойынша Абзал Әжіғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова және Денис Никишалар жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңдегі "Құс ұясы" ұлттық стадионында өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты. Ал еліміздің көк туын Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдова алып шықты. 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын 34 спортшы қорғауда. Олар шаңғы, фристайл, тау шаңғысы, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы қоссайысы, биатлон, конькимен жүгіру және шорт-трек сияқты спорттың сегіз түрі бойынша сайысқа түседі.

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу