Пекин 2022. Үшінші жарыс күнінің қорытындысы

1723

Әзірге үкілеген үміттеріміз медальдің сыңғырын естіртер емес.

Пекин 2022. Үшінші жарыс күнінің қорытындысы

Бүгін, 7 ақпан Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы кезекті жарыс күнін өткізді. Бүгінгі сайыстар өткен күндермен салыстырғанда тартысты болмады. Дегенмен қызықты сәттерімен есте қалды.

Спортшыларымыз екі спорт түрі бойынша – биатлон мен конькимен жүгіруден сынға түсті. Жарыс жолына 1 500 метр қашықтықта көнькимен жүгіруде ұлттық құраманың көшбасшылары Надежда Морозова мен Екатерина Айдова жарыс жолына шықты. Бұл бағдарлама бойынша күрес өте тартысты өтті. Себебі соңғы маусымдардағы үздік нәтиже көрсетіп жүрген фавориттердің барлығы медальдан үміткер болды.

Өкінішке орай спортшыларымыз үздік ондықтың қатарынан іліге алмады. 1 500 метрді 1:56,85-те бағындырған Морозова 30 спортшыдан 14-нәтиже көрсетті. Ал Айдова 1:59,01 уақыт көрсеткішімен мәреге 18-болып келді. Бұл сайыс түрі бойынша голландиялық Ирен Вуст жеңімпаз атанды. Ол 1:53,28 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алып, Олимпиада рекордын жаңартты.

Сонымен қатар жекелей жарыста биатлоншы Галина Вишневская-Шепоренко өнер көрсетті. Ол 86 спортшының арасынан мәреге 44-болып келді. Галина бүгінгі жарыстың жеңімпазы, неміс қызы Дениз Херманнға 5 минуттай ұтылып қалды. Биылғы маусымда Галина нысана көздеуден жақсы нәтиже көрсетуде. Егер жылдамдығын арттырса, келесі жарыстарда жоғары орындарға таласары анық.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу