Пентагон басшысының ұшағы Ұлыбританияда шұғыл қонуға мәжбүр болды

Мұндай тосын жайтты АҚШ Қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Шон Парнелл хабарлап отыр. 

Пентагон басшысының ұшағы Ұлыбританияда шұғыл қонуға мәжбүр болды Фото: Andrew Harnik/Getty Images

Пит Хегсеттің ұшағы әйнегіндегі сызатқа байланысты жедел қонуды құп көрген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Парнеллдің X әлеуметтік желісінде жазуынша, бұл сапар жоспарланбаған болатын.

– НАТО елдерінің қорғаныс министрлерінің кездесуінен қайтып келе жатқанда, Хегсеттің ұшағы әйнегіндегі сызатқа байланысты Ұлыбританияда қонды. Бұл сапар жоспарланбаған еді, – деп нақтылай түсті АҚШ Қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы. 

Сонымен қатар, ол ұшақтың қонуы стандартты процедураға сәйкес жасалғанын және барлық жолаушының қауіпсіз болғанын жеткізді. Шұғыл қонғанда ұшақтағылар дін аман болды. Оқиғаға қатысты басқа да дерек пен дәйектер алдағы уақытта толық жарияланатын болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу