Перизат Қайраттың "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі таратылды

662

Бірлестіктің құрылтайшылары – 10 адам, олардың есімдері Қайрат Перизатты қоса алғанда, құрылтай жиналыстарының хаттамаларында көрсетілген. 

Перизат Қайраттың "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі таратылды Фото: коллаж inbusiness.kz

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігін тарату туралы талабын қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс материалдарына сәйкес, осы заңды тұлғаны бастапқы мемлекеттік тіркеу 2021 жылғы 11 қазанда өткізілді.

Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізіліп, қорытындысына сәйкес, 10 құрылтайшының 9-ының атынан құрылтай құжаттарына Қайрат Перизат қол қойған.

"Заңды тұлға Азаматтық кодекстің 49-бабына сәйкес, заңды тұлға оны құру кезінде жіберілген, жойылмайтын сипаттағы заң бұзушылықтарға байланысты жарамсыз деп танылған жағдайда, сот шешімі бойынша таратылуы мүмкін. ҚР Жоғарғы Сотының "Соттардың салық заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес – заңды тұлғаны құруға (қайта тіркеуге) қатысы жоқ заңды тұлғаны басшысын және (немесе) құрылтайшысын (қатысушысын) көрсете отырып тіркеу (қайта тіркеу) заңды тұлғаны тарату (жарамсыз деп тану) үшін негіз болып табылады. Бірлестікті құру кезінде анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, сот "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады. Шешім заңды күшіне енген жоқ", – делінген ауданаралық экономикалық сот үкімінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу