Велододаға 5 облыстан 30 велосипедші, оның ішінде әр командадан ерелер арасында 3 спортшы және әйелдер арасында 3 спортшы қатысты. Жарыс жолының ұзақтығы ерлер үшін 30 шақырым, әйелдер үшін 12 шақырымды құрады.
Алматы облысының командасы ең үздік нәтиже көрсетті (Даниил Фоминых, Өркен Сламжанов, Игорь Жан, Фаина Потапова, Анджела Соловьева, Ақпейіл Өсім). Екінші орын Солтүстік Қазақстан облысына бұйырды (Артём Захаров, Глеб Брусенский, Александр Овсянников, Наталья Сайфутдинова, Алина Саркулова, Махаббат Үмітжанова). Ал Қарағанды облысының шабандоздары (Андрей Крейс, Александр Бекенов, Андрей Наливайко, Эльвира Хамзина, Жанерке Санакбаева, Алена Абрамчук) үшінші орынды қанағат тұтты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан велоспорт федерациясы мен Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы 14-20 маусым аралығында Петропавлда велоспорттың төрт түрінен жарыстар өткізу жоспарланған:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты (ерлер, әйелдер)
- Жастар ойындары-2021 (жасөспірімдер, жасөспірім қыздар)
- Командалық эстафетада Қазақстан Республикасының чемпионаты (ерлер, әйелдер)
- Паралимпиадашылар арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты.
Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні тас жолдағы велоспорттан сайыс өтті. Алдымен, 4 жылда бір өтетін Жастар ойындары-2021 турнирі аясында командалық жарысты жасөспірімдер бастады. Содан кейін жасөспірім қыздар жұптық-командалық жарыста бақ сынады. Жастар ойындарында жинаған ұпайлар Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) есебінде болады және әрі қарай шабандоздарға Әлем чемпионаты немесе Азия чемпионаты сияқты ірі жарыстарға қатысуға көмектеседі.
Жасөспірімдерден кейін паралимпиадашылар арасында жекелей уақытқа арналған жарыста Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионатының медальдары сарапқа салынды. Сонымен қатар бұл паралимпиадашылар арасында велоспорттан өткен алғашқы ұлттық чемпионат болды.
Ермұхамед Мәулен