Пиерос Сотириу "Астанаға" ауыса ма?

1732

Даниялық "Копенгаген" мен Кипр құрамасының шабуылшысы Пиерос Сотириу "Астанамен" келісім-шарт жасауы мүмкін.

Пиерос Сотириу "Астанаға" ауыса ма?

Kerkida.net сайтының хабарлауы бойынша шабуылшы бүгін "Астананың" Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына келуі керек. Ақпарат көзіне сенсек, егер барлығы да жақсы өтсе, 27 жасар футболшы "Астана" сапына ауысады.

Сотириу "Олимпиакостың" тәлімгері. 2011 жылдың 19-наурыз күні Кипрдің бірінші девизионында "Доксаға" қарсы ойында алғаш рет алаңға шықты. 18-қыркүйек "Олимпиакостың" АПОЭЛ-ға қарсы өткен ойынында бірінші голын соқты. Ал 2013-жылы АПОЭЛ-ға ауысып, 29 тамыз күні Еуропа Лигасының іріктеуінде  бельгиялық "Зюлте-Варегемге" қарсы ойында дебют жасады. Ал 2017-жылы жазда Сотириу даниялық "Копенгагенге" ауысып, бес жылдық келісім-шартқа қол қойды. Трансфер құны 2,5 млн. еуроны құраған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, команданың оқу-жаттығу жиындары 16-ақпаннан 26-ақпанға дейін өтеді. Бұл уақыт аралығында Михал Билектің шәкірттері Ресей Премьер-Лигасының екі өкіліне - 20-ақпан "Сочи" футбол клубына және 23-ақпан "Арсеналға" (Тула) қарсы ойнайтын болады.  

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу