Полиция QR-код арқылы жасалатын алаяқтықтан сақ болуға шақырды

83

Жалған QR-кодтар арқылы алаяқтар азаматтардың жеке және банк деректерін иемденіп, қаражатын қолды етуі мүмкін.  

Полиция QR-код арқылы жасалатын алаяқтықтан сақ болуға шақырды Фото: msn.com

QR-кодтар бүгінде күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда алаяқтар да бұл технологияны өз пайдасына пайдаланып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолданып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Көшеде, аялдамаларда, подъездерде немесе жарнама тақтайшаларында орналасқан QR-кодтарды сканерлемес бұрын олардың қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз. Себебі қылмыскерлер түпнұсқа кодтың орнына жалған QR-код жапсырып, адамдарды қауіпті сайттарға бағыттауы мүмкін. Мұндай сілтемелер арқылы жеке мәліметтеріңізді немесе банк картасының деректерін иемденуге тырысады. Көп жағдайда азаматтар төлемді дұрыс жасағанына сенімді болғанымен, қаражат алаяқтардың есепшотына аударылып кетеді, – делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, күмәнді QR-кодтардың негізгі белгілері мыналар:

  • QR-код басқа жарнаманың үстіне жапсырылған;
  • хабарландыру ресми емес үлгіде безендірілген;
  • "Сыйлық алыңыз", "Тек бүгін", "Жедел сканерлеңіз" сияқты асықтыратын мәтіндер жазылған;
  • ұйымның атауы немесе байланыс деректері көрсетілмеген.

Азаматтарға мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:

  • белгісіз QR-кодтарды себепсіз сканерлемеу;
  • сілтеме ашылар алдында оның интернет-мекенжайын мұқият тексеру;
  • күмәнді сайттарға жеке деректерді, банк картасының мәліметтерін немесе SMS арқылы келген растау кодтарын енгізбеу;
  • белгісіз қосымшаларды орнатпау және құрылғыға қосымша рұқсаттар бермеу;
  • төлем жасау кезінде QR-кодтың ресми ұйымға тиесілі екеніне көз жеткізу.

Егер күмәнді QR-кодты сканерлеп, жеке немесе қаржылық деректеріңізді енгізіп қойған болсаңыз, банкке дереу хабарласып, банк картаңызды бұғаттау қажет.

Полиция барша азаматты сақ болуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу