Польша елшілігі ескертеді

8303

Осы жылдың жазында Польшаға баруды  жоспарлағандар визаны алу үшін ертерек қамдануы керек. 

Польша елшілігі ескертеді

Польшада екі ірі оқиға болады деп күтілуде. Тура бір айдан кейін 8-9 шілдеде Варшавада НАТО-ның кезекті саммиті өтеді. Оның артынша, осы елдің көлемі және маңыздылығы жағынан үлкен қалаларының бірі- Краковада Бүкіләлемдік жастар күні өтеді.

Әлемнің әр елінен  келетін делегациялардың көптігіне байланысты Польша елшілігінің консулдық бөлімдерінің жүктемесі өсуде, сол себепті виза беру үшін құжаттарды дайындауға бұрынғыға қарағанда көп уақыт керек.  Бұл туралы Астанадағы Польша елшілігі abctv.kz  сайтында хабарлады.

Тап осы кезде, Варшавада Солтүстікатлантикалық альянс саммитінің басталуына дайындықтың соңғы жұмыстары жүргізілуде, бұған әлемнің барлық елдерінің назары аударылатыны белгілі. Қауіпсіздік шаралары күшейтілуде.

Бұл форумның күн тәртібі бекітілуде. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша НАТО-ға мүше-елдердің келіссөздерінен басқа  Варшавада НАТО, Украина және Еуроодақ өкілдері арасында бірқатар кездесулер өтуі керек. Саммит жұмысына НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг және АҚШ президенті Барак Обама қатысатыны нақты белгілі болды. Ал Краковада өтетін Бүкіләлемдік жастар күніне тоқталатын болсақ, іс шара 26  шілдеден 31шілде аралығында өтеді. Бұл қала ашық аспан астындағы мұражай іспетті, қалаға әлемнің барлық елдерінен 2,5 миллионға жуық жастар жиналады.

"Бұдан басқа, біздің болжауымызша, Краков қаласына әлемнің әр елінен 6 мың журналист келеді",- деді Бүкіләлемдік жастар күнін Ұйымдастыру комитетінің өкілі Мишаль Клосовский.

"Бұл мерекені тойлау идеясы II Павл Иоанн Рим папасынан  бастама алады, ол 1986 жылдың басынан үнемі Бүкіләлемдік жастар күнін  атап өтуді ұсынған. Бүкіләлемдік жастар күні католиктік болғанына қарамастан, оған діни сенімі басқа,тілек білдірушілердің барлығы қатыса алады",- деді Мишаль Клосовский.

Оның айтуынша, бұл шара барысында музыка және ән фестивалі өтеді.

Краков қаласы үкіметі қажетті барлық инфрақұрылымдарды дайындаған, логистиканы ойластырып, заманауи байланыспен қамтамасыз етеді. Краков қаласының тұрғындары қонақүйде орын жетпеген қонақтарды өз үйлерінде қарсы алуға дайын.

 Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге баса назар аударылуда, себебі Бүкіләлемдік жастар күнін тойлау мерекесіне Рим папасының өзі қатысады. 

"Рим папасының қауіпсіздігі туралы айта отырып, жастардың Рим папасымен кездесуін ұйымдастыру- бұл ІІМ  басымдылығы екенін көрсету. Министрлік бюджетінен 76 миллион қаржы полиция, өрт қызметі, үкіметтік күзет және медициналық қызмет жұмыстарына бөлінген" ",- деді Мишаль Клосовский.

CASA C 295 типті екі әскери  ұшақ іс шараны ауада қамтамасыз етеді.

Күлпаш Қоңырова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу