Польша компаниясы Қазақстан мұнайына бет бұрды – Reuters

678

Бұған дейін трейдерлер компанияның Сауд Арабиясынан мұнай жеткізудегі іркілістердің орнын толтыру үшін балама мұнай көздерін шұғыл іздеп жатқанын хабарлаған.  

Польша компаниясы Қазақстан мұнайына бет бұрды – Reuters Фото: biznesalert.com

Польшаның Orlen компаниясы Польша, Литва және Чехиядағы мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу үшін қосымша 16 партия мұнай сатып алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап. 

Orlen мәлімдемесінде мұнай жеткізу келісімшарттары Норвегия, Ұлыбритания, Алжир, Қазақстан, Әзербайжан және Америка құрлығындағы елдермен жасалғанын хабарлады. Компания бұл келісімшарттардың құнын жарияламады.

Басылымның жазуынша, Қазақстаннан мұнай жеткізу Orlen компаниясының Сауд Арабиясынан алынатын мұнайдың орнын толтыру стратегиясының бір бөлігіне айналды.

2022 жылдан бері Saudi Aramco Польшаның бұл компаниясына мұнай жеткізетін негізгі жеткізуші болып келеді. Оның үлесіне Orlen сатып алатын мұнай көлемінің шамамен 40%-ы тиесілі. Алайда Сауд Арабиясынан мұнай экспортында іркілістер пайда болғаннан кейін Orlen балама жеткізу көздерін белсенді іздей бастады.

Сәрсенбі күні компания мұнай сатып алуға арналған тағы екі тендер жариялады. Оның бірі Солтүстік теңіз мұнайына, екіншісі Бразилия немесе Гайана мұнайына қатысты.

Трейдерлердің айтуынша, Orlen қыркүйек пен қазан айларында мұнай өңдеу зауыттарының қажеттілігін өтеу үшін қосымша көлем сатып алып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу