Польша Туры. Якоб Фульсанг жүлдеге бір қадам жетпеді

1293

"Астана" капитаны Якоб Фульсанг "Польша турында" тамаша өнер көрсетуде.

Польша Туры. Якоб Фульсанг жүлдеге бір қадам жетпеді

203.1 шақырымға созылған "Польша турының" жарыс жолында асулар көп болды. Шабандоздар күні бойы белсенді өнер көрсетіп, шабуылдар легі тоқтамады. "Астана Про Тим" командасы жарыс басталғаннан Бельско-Бяла қаласында өткен финалға дейін тек алдыңғы шепте болды. Қазақстандық велокоманданың капитаны Якоб Фульсанг кезеңді жақсы өткізіп, мәре сызығын төртінші болып келді.

Екі спринтерлік сайыс күнінен кейін 4-кезеңде шабандоздарға 200 шақырымнан аса жарыс жолында бірталай асуларды бағындыруға тура келді. Шамамен финишке 140 шақырым қалғанда Якоб Фульсанг  алдыңғы қатарға шығып, жойқын шабуыл жасады. Нәтижесінде шағын топ құрлды. Алайда 20 шақырымнан кейін негізгі топ оларды қуып жетті. Біраз уақыттан кейін "Астананың" тағы бір шабандозы Лауренс Де Вриз шабуылға шықты. Бірақ финишке 90 шақырым қалғанда оны шабандоздар қуып жетті.

Қала жолдарына жеткенде жарыс тағы да шабандоздардың жойқын шабуылдарымен қыза түсті. Шабуылдан бөлек, пелотонда позиция үшін талас басталды. Әрбір команда өз көшбасшыларын алдыңғы шепке шығару үшін таласты. Дәл осы сәтте қазақстандық команда тамаша мүмкіндікке ие болып, Якоб Фульсанг жарыстың финалдық бөлігінде жақсы позицияға орналасты. Соңғы шақырымда эквадорлық велошабандоз Ричард Карапас алға озып, жеңіске жетті. Фульсанг спринтті жақсы өткізгенімен, нәтижесінде тек 4-орынға ие болды.

"Жазық аймақта өткен екі кезеңнен кейін бүгін таулы аймаққа да келіп жеттік. Бүгін көрсеткен нәтижеме көңілім толады. Команда бүгін өте жақсы жұмыс атқарды. Күн ыстық болды. Сондықтан ауа-райы кедергі келтірді. Жарыстың финалдық бөлігі өте жылдам өтті. Бірақ Уго мені өте жақсы позицияға шығарды. Жүлделі орынға тек бір қадам ғана жетпей қалдым. Алда бізді тағы бір кезең күтіп тұр", - деді Якоб Фульсанг.

"Бүгінгі сайыс алғашқы таулы кезең болды. Бұл таулы аймақтың шабандоздары үшін алғашқы сынақ. Біз Якоб пен Лауренстің шабуылдарымен жарысты жылдамдаттық. Сондықтан басқа шабандоздардың шабуылдауына мүмкіндік аз болды. Якоб финалда тек алдыңғы қатарда жүріп отырды. Спринтте 4-орынға ие болды. Сонымен қатар команда да оған көмек көрсетті. Ертеңгі кезең біздің ыңғаймызға жақсы келеді. Команда Якоб Фульсангқа көмектесу үшін қолынан келгеннің барлығын жасайды. "Полша Турында" жақсы нәтиже көрсету үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз", - деді "Астана Про Тим" директоры Бруно Ченьялта.

Бүгін көпкүндіктің 4-кезеңі өтеді. Жарыс жолы 152 шақырымды құрайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу