Польшада 24 жастағы жігіт 6 адамды атып өлтіріп, 15 адамды жаралады

173

Кеше Польшаның Краков қаласының орталығында қарулы шабуыл болды.

Польшада 24 жастағы жігіт 6 адамды атып өлтіріп, 15 адамды жаралады Фото: Polskie Radio 24

Жергілікті уақытпен сағат 15:00 шамасында ер адам көлігімен қаланың басты алаңына кіріп, адамдарға оқ жаудырған, деп жазады inbusiness.kz сайты Reuters басылымына сілтеме жасап.

Салдарынан 6 адам қаза тауып, 15 адам жараланды. Бұл сандар әлі де өсуі мүмкін.

Полициямен атыс кезінде шабуыл жасаған 24 жастағы Польша азаматы жараланып, ұсталды. Ол әскери үлгідегі киім киіп, атыс қаруын қолданған. Күдіктінің көлігінен қосымша қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды. Атыс кезінде 2 полиция қызметкері де жарақат алған.

Польша Премьер-министрі Дональд Тусктың айтуынша, күдіктінің үйінен тағы 3 адамның мәйіті табылған. Олардың екеуі әйел, біреуі ер адам. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар шабуылдаушының жақын туыстары болуы мүмкін.

Ішкі істер министрі Марчин Кервиньский күдіктінің әсіре оңшыл және ультраұлтшыл көзқарастарды ұстанғанын мәлімдеді. Алайда оның адамдарға неліктен оқ атқаны әзірге анықталған жоқ.

Оқиғадан кейін Краков қаласының орталығы қоршауға алынды. Варшавада қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Польша билігі 8 және 9 қарашаны ұлттық аза тұту күндері деп жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу