Польшада қазақстандық мұнай өтетін "Достық" құбырынан ақау шықты

839

Қазақстан бұл мұнай құбыры арқылы Германияға мұнай жеткізеді.

Польшада қазақстандық мұнай өтетін "Достық" құбырынан ақау шықты Фото: canva.com

"Дружба" құбырының Польшаның батысында орналасқан бөлігінен мұнай ағып кетті. Бұл құбыр арқылы шикі мұнай неміс мұнай өңдеу зауытына түседі. Бұл туралы PERN Ұлттық құбыр операторы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құбырдың зақымдануы 1 желтоқсан күні таңертең Пнева қаласының маңында анықталған. Қазір мұнай жеткізу екінші желі бойынша жүзеге асырылып жатыр. Компания екінші желінің техникалық мүмкіндіктері көлем бойынша қажеттіліктерді толық өтейтінін айтты. Оқиға орнында құбырдың зақымдалған учаскесін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бұл жұмыстар қазіргі мұнай жеткізіліміне және ұлттық жолдың жұмысына әсер етпейді. Жергілікті тұрғындарға келер қауіп жоқ. Оқиғаның себебін арнайы комиссия тексереді", – деді компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу