Полтораниннің допинг қабылдағаны расталды

1862

Қазақстанның допингке қарсы агенттігі жариялаған спортшылар тізімінде шаңғышы Алексей Полторанин де бар болып шықты.

Полтораниннің допинг қабылдағаны расталды

Қазақстанның допингке қарсы агенттігінің ресми сайтында 2020 жылдың алғашқы айынан бастап тыйым салынған препараттарды қабылдаған 11 спортшының тізімі жарияланды. Олардың арасында шаңғышы Алексей Полторанин де бар. Енді ол үлкен спортқа тек 2023-жылдың наурыз айында ғана қайта орала алады.
Допинг қабылдағандар арасында басқа да танымал спортшылар бар. Жасөспірімдер арасында өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы, сондай-ақ 2018 жылғы Азия ойындарына және жеңіл атлтикадан Әлем чемпионатында ел намысын қорғаған Любовь Ушакова "оксандролон" препаратын қабылдаған. Велоспорттан Азия чемнионатында екі мәрте жүлдегер атанған, трек велоспортынан Гран-При иегері Роман Василенков "ибутаморен", "лигандрол" дәрісін пайдаланған. Воллейболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Антон Кузнецов "нандролон", ал хоккейші Владислав Никифоров мельдоний қабылдағаны белгілі болды. Аталған спортшылар екі жылдан төрт жылға дейін үлкен спорттан аластатылды.

Полтораниннің допинг қабылдағаны жайлы шет елдік ақпарат көздері де біраз ақпарат жазып жатты. Солардың бірі эстониялық Delfi басылымы.

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы Алексейдің допинг қабылдауына байланысты барлық ақпаратты, соның ішінде қай уақыттан бері қабылдағаны туралы толық есеп берді. Бұған дейін Полторанин допинг қолдану туралы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған. Бірақ ФИС шаңғышының 2018 жылы өткен қысқы Олимпиада ойындарының ашылу күнінде тыйым салынған қан құю жасағанын анықтаған. Сондықтан 2018 жылы 9-ақпан күні спортшының жарыста көрсеткен нәтижесі жоққа шығарылды.

Sport.postimees.ee. сайтының хабарлауы бойынша Полторанин қан құю барысында лақап ат пайдаланған. Дәрігер Марк Шмидт өзінің "клиенті" жайлы ақпараттың барлығын жайып салды. "Шмидттің айтуынша, Алексей Полторанин 2012-жылдан бастап қан допингін пайдалана бастаған. Өз клиенттерінің әрқайсысының лақап аты бар екен. Мысалы Полторанинді "Эйнштейн" деп атаса, хорватиялық велошабандоз Кристиан Дурасекті "Triple X" деп атаған. Бірінші жылы клиенттерге допинг қызметін пайдалану 5000 еуроны құраса, уақыт өте келе баға төмендеп, маусым барысында 3000-3500 еуроға допинг қабылдауға болатын. Ал титулдық сайыстар барысында қолданған допинг бұл бағада емес, яғни бөлек есеп айырысу жүргізіліп отырған", - деп хабарлайды Sport.postimees.ee.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу