Попко бір күнде үш теннисшіні ұтты

1607

Дмитрий Попко АҚШ-та өтіп жатқан турнирде сәтті өнер көрсетуде.

Попко бір күнде үш теннисшіні ұтты

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко All Lower level tournaments додасында өзінің жеңісті жолын жалғастыруда. Дмитрий 28 маусым күні кортқа шығып, қарсыластарын үш рет жеңді.

Алғашқы қарсыласы канадалық Лиама Драксланы 6:3, 3:6, 10:3 есебімен ұтты. Одан кейін ол америкалық  Эван Кингті - 7:5, 7:6, чилилік Александра Табилоны 3:6, 6:1, 10:7 есебімен жеңді.

Айта кетерлігі, осыған дейін ол америкалық Кэннон Кингслиді 7:6, 4:6, 10:4 ұпайымен басып озып, Аргентина теннисшісі Хорди Арконаденеге есе жіберген болатын. All Lower level tournaments теннис додасы қатаң талапты сақтаумен ұйымдастырылуда.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу