Попко қатарынан үш рет жеңіске жетті

1520

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Matchplay 120 додасына қатысып, қатарынан үш рет жеңіске жетті.

Попко қатарынан үш рет жеңіске жетті

Жарыс көрермендерсіз барлық сақтық шараларын қатаң сақтаумен өтуде. Сонымен қатар, аталған турнирге кейбір төрешілер мен болбой да қатыспады.

Қазіргі таңда Попко үш кездесу өткізіп үлгерді. Ол америкалық Бьорн Фратанджелоға қарсы өткізген ойынды 6:1, 6:3 есебімен аяқтап, жеңіске жетті. 1 сағат 10 минутқа созылған кездесу барысында Дмитрий 4 брейк жасап, қарсыласына өзінің бір де бір геймін берген жоқ.

Сонымен қатар Попко бұған дейін америкалық теннисші Маккензи Макдональдті 6:4, 6:3 есебімен екі сетте де және доминикандық Роберто Сидті 6:3, 3:6, 6:1 үш партияда ұтқан болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Matchplay 120 турнирі АҚШ-тың бірнеше қаласында алты апта бойы өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу