Португалия біріншілігінен шабуылшы келді

1166

Қазақстандық клубтар шет мемлекеттерден ойыншылар шақыртып жатыр. Трансфер нарығының жағалықтарын назарларыңызға ұсынамыз. 

Португалия біріншілігінен шабуылшы келді

"Жил Висенте" ФК шабуылшысы Элдер Сантана "Ақтөбе" сапына келіп қосылды. 29 жастағы шабуылшы қазақстандық ұжымда өнер көрсету үшін "Жил Висентемен" болған арадағы келісімді бұзыпты. Элдер осы маусымда 5 ойын өткізіп үлгерген екен.
Шабуылшы "Ақтөбеден" кеткен Гоуды алмастырар ойыншы секілді.

Қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский Арменияға қайтіп бармақ. Тимур Рудосельский мансабын өзіне жақсы таныс Армения біріншілігінде жалғастыруы мүмкін. Оған "Алашкерт" ұжымы қызығып отыр. Қорғаушы өткен маусымды "Тұран" сапында өткізген. Арменияда ол, "Лори", "Севан" және "Нораванк" жейделерінде доп тепкен.

Лев Скворцов “Химкиге” ауысты.
Бізге белгілі болғандай, “Астана” футбол мектебінің түлегі 22 жасар Лев Скворцов Ресей Премьер-Лигасының “Химки” клубына ауысты.

Қызылордалық “Қайсар” Түркиядағы жиында Косованың “Баллкани” командасымен кездесіп, минималды есеппен жол берді. Ойынның тағдыры матчтың алғашқы бөлігінде шешілді. Кездесудің жалғыз голы 45 минутта соғылды. Екінші таймда “Қайсар” алаңда белсенділік танытқанымен шешуші сәтте “Баллкани” қорғанысы сыр бермеді. Қорытынды есеп 0:1.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу