Жақында үйленген "Ливерпуль" шабуылшысы Диогу Жота көлік апатынан қаза тапты

182

Жас футболшы осыдан небәрі 10 күн бұрын шаңырақ көтерген. 

Жақында үйленген "Ливерпуль" шабуылшысы Диогу Жота көлік апатынан қаза тапты Фото: diogoj_18

Ағылшынның "Ливерпуль" клубында ойнаған 28 жастағы португалиялық футболшы Диогу Жота Испанияның Замора провинциясында жол-көлік оқиғасында қайтыс болды. Қайғылы оқиға кезінде футболшының бауыры да бақиға аттанды.

Жота футбол әлемінде "Ливерпуль" сапындағы жетістіктерімен танылды. Ол аталмыш клубпен бірге Англия чемпионы атанып, Англия кубогы мен лига кубогын жеңіп алған.

Сондай-ақ, Португалия ұлттық құрамасы сапында да табысты өнер көрсеткен Жота УЕФА Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алған.

Айта кетейік, Диогудың 26 жастағы бауыры Андре де кәсіби футболшы еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу