Португалия құрамасы әлем чемпионы атанды

97

Роналду ел футболының болашағына алаңдамайтын болды. 

Португалия құрамасы әлем чемпионы атанды

Португалияның жасөспірімдер құрамасы Дохадағы “Халифа” халықаралық стадионында өткен финалдық кездесуде Аустрия құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, алғаш рет FIFA U-17 әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Кездесудегі жалғыз голды алғашқы таймда Анизиу Кабрал соқты. Бұған дейін Португалия U-17 Еуропа чемпионатында да жеңіске жеткен болатын.

Тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалына шыққан Аустрия құрамасы есепті теңестіру үшін бар күшін салды. Ойынның соңғы минуттарында Даниэль Фраушердің соққысы қақпа бағанынан қайтып, гол тіркелмеді.

Турнирдегі жетінші голын соққан Кабрал Португалия құрамасының жылдам шабуылын нәтижелі аяқтады. Алайда турнирдің сұрмергені атағы қарсылас команда ойыншысы Йоханнес Мозерге бұйырып, ол “Алтын бутсы” жүлдесін иеленді.

Аустрия құрамасы да бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, Португалия қақпашысы Кунья Ндукве мен Дешишку бағыттаған соққыларды сәтті тойтарып, командасының басымдығын сақтап қалды. Осылайша ойын соңындағы қысымға қарамастан Португалия құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді.

Әлем чемпионатының қола жүлдесі Италия құрамасына бұйырды. Үшінші орын үшін өткен матчта олар Бразилияны пенальти сериясында жеңді (негізгі уақыт – 0:0, пенальти – 4:2).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу