Постников келісімді ұзартты

2936

"Астана" клубы қорғаушы Евгений Постниковпен келісім-шартты ұзартты. 

Постников келісімді ұзартты

Ресейден келіп, Қазақстан азаматтығын алған қорғаушы Евгений Постников биыл "Астана" сапында 200 матч өткізіп үлгерді. 33-жастағы қорғаушы елордалық клуб сапына 2014 жылы ауысты. Команда сапында өнер көрсеткелі бері ол Қазақстанның 5 дүркін чемпионы және Қазақстан суперкубогының екі мәрте жеңімпазы атанды. Чемпиондар және Еуропа лигасының топтық кезеңдерінде өнер көрсетті. 

Евгений мен "Астана" клубының арасындағы келісім 2019 жылдың 31-желтоқсан күні аяқталуы тиіс еді. Алайда, футболшы мен клуб басшылығы екеуара келісімге келіп, шартты 2020 жылдың 31-желтоқсанына дейін ұзартып отыр. Яғни Постников енді келер маусымда да "Астана" сапында өнер көрсететін болады. Кішігірім жарақатына байланысты бұл қорғаушы Қазақстан ұлттық құрамасына ойнаудан бас тартқан еді. 

Осының алдында ғана "Астана" командасы қорғанысқа Олжас Керімжанов пен Александр Марочкинді алғысы келген еді. Алайда, қос қорғаушымен келісімге келе алмай, елордалық команда қазақстандық азаматтығы бар қорғаушы таппай қалды. Енді жарақаты болса да, Евгений Постниковпен келісімді созуға мәжбүр болып отыр. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу