Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) қыркүйек айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік бапкерін таңдады.
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады. Сауалнама нәтижесі бойынша қыркүйек айының ең үздік бас бапкері болып Алексей Шпилевский атанды. Белорусиялық маманға өз дауыстарын отандық командалардың 5 бапкер берді.
Сонымен қатар Чемпионатының ең үздік ойыншысы да таңдалды. Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді. Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
Қыркүйек айының ең үздік ойыншысы болып шымкенттік "Ордабасы" командасының легионері Жоао Пауло атанды. Ол 27 ұпай жинады.
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының қыркүйек айының үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды. Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Шараға барлығы 2 721 адам қатысты.
Сауалнама қорытындысы бойынша үздік гол болып "Астана" – "Шахтер" (9-тур) кездесуінде соғылған Айдос Тәттібаевтың нәтижелі соққысы атанды. Қарағандылық команданың шабуылшысының голына 1 241 (45,61 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді. Аталмыш жүлдені үздіктерге ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев табыстады.
Ермұхамед Мәулен