Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын", - деп жазды Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу