Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді

420

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28-29 наурыз күндері Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Ерболат Досаевқа қаланы жан-жақты дамытуға қатысты тапсырма берген болатын.

Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді Фото: canva.com

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28-29 наурыз күндері Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Ерболат Досаевқа қаланы жан-жақты дамытуға қатысты тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, қала әкімдігі нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөніндегі есеп бекітілген тәртіп бойынша дайындалып, мерзімінде ұсынылып отыр. Әкім қызметінің тиімділігіне Президент Әкімшілігі сараптама жүргізеді, – деп жазды Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері бойынша Алматы қаласы әкімдігі ақпараттандырып отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу