Президент "Арселор Миттал Теміртау" компаниясымен жұмысты тоқтатуға тапсырма берді

9116

Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент "Арселор Миттал Теміртау" компаниясымен жұмысты тоқтатуға тапсырма берді Фото: aqorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Президент Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. ​

Үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу