Президент Атырау облысы әкіміне қоңырау шалды

1341

Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновке қоңырау шалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент Атырау облысы әкіміне қоңырау шалды Фото: inbusiness.kz

"Мемлекет басшысы Аймақтағы су тасқынын бақылауда ұстап отыр. Су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған шаралар қабылданады әрі күшейтіледі. Үкімет су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектеседі, зиян келтірілген материалдық шығын толығымен өтелетін болады", – делінген хабарламада.

Президент облыстағы бірде-бір отбасы мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айтып, оларға сәлем жолдап, барынша қолдау көрсетілетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу