5 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады.
Айта кетейік, 3 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді.
Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізіп, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу