Президент Елбасын сынайтындарға жауап берді

4070

Ол бүгінде халық арасында түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатқанын білетінін атап өтті.

Президент Елбасын сынайтындарға жауап берді

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі Twitter-де жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев енді қаңтар оқиғасы сияқты қасіретке жол берілмейтінін айтты.

"Бұдан былай мұндай қасіретке жол бермейміз. Халқымыз бірлігінің арқасында осы сын-қатерге төтеп берді. Қазір алдымызда барлық саланы қайта жаңғырту міндеті тұр. Бұл – мемлекеттік аппаратты ғана жаңарту деген сөз емес", – деді Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде.

Ол елдегі қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу керегін жеткізді.

"Осы ретте, азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқарады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ бүгінде халық арасында тарап жатқан түрлі жағымсыз әңгімелерге тоқталып:

"Осыған байланысты Мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді. Біз бұған дейінгі жетістіктерімізден айырылып қалмауымыз керек. Мемлекетімізді нығайтып, кез-келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық", – деді Мемлекет басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу