Президент енді Елбасымен келіспей шешім қабылдайтын болады

3041

Сенатта "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасы мақұлданды. 

Президент енді Елбасымен келіспей шешім қабылдайтын болады

Онда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының және Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының өкілеттіктерін бұрынғы президенттен қазіргі президентке беру қарастырылды. 

"Сенаторлар қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ны мемлекет басшысы өз лауазымы бойынша басқаруы тиіс деген заңнамадағы өзгерістерді қолдады. Сонымен бірге сенаторлар заң жобасын талқылау барысында тағы бір түзету енгізді. "Тұңғыш Президент туралы" заңнан сыртқы және ішкі негізгі бағыттар бойынша бастамалар Нұрсұлтан Назарбаевпен келісілетіні туралы норма алынып тасталады", – деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Енді бұл түзетуді Мәжіліс депутаттары қарайды және қабылданған жағдайда Заң жобасы Президентке қол қоюға жіберіледі.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу