Президент Қаржылық мониторинг агенттігін құру туралы Жарлыққа қол қойды

3181

Жаңа органға Қаржы министрлігінің бірқатар құзыры мен өкілеттігі берілді.

Президент Қаржылық мониторинг агенттігін құру туралы Жарлыққа қол қойды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей  Президентке бағынатын Қаржылық мониторинг агенттігін құру туралы Жарлыққа қол қойды.

"Оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша функциялары мен өкілеттіктері берілсін", - деп жазылған  құжатта.

Президент шешімімен Агенттік берілетін қызмнті шеңберінде Қаржы министрлігінің құқықтары мен өкілеттіктерінің құқықтық мирасқоры ретінде бекітілген.  

Жарлықта Президент Әкімшілігіне агенттік төрағасымен бірлесіп, агенттік және оның құрылымы туралы ереже жобаларын,  үкіметімен  бірлесіп, Қаржы министрлігінің және тиісті ведомстволық бағынысты ұйымның штат санын агенттікке қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу