Президент Қасым-Жомарт Тоқаев G20 саммитіне қатысады

160

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев G20 саммитіне қатысады Фото: gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев желтоқсан айында АҚШ-тың Майами қаласында өтетін G20 саммитіне қатысады. Мемлекет басшысын саммитке АҚШ Президенті Дональд Трамп шақырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдағы кездесудің күн тәртібін Қазақстан мен АҚШ бірлесіп дайындайды.

Өз кезегінде, америкалық тарап ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады және энергетика, маңызды минералдар, озық технологиялар, цифрландыру, көлік және инвестициялар салаларындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейту үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.

Су ресурстарын басқарудың жаһандық архитектурасын нығайту жөніндегі Қазақстанның бастамасына, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі ретінде Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасына ерекше назар аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу