Мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді

185

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасын Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуымен құттықтады.  

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді  Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы іс-шараның Шығыстың інжу-маржаны – Шанхай қаласында ұйымдастырылуы символдық мәнге ие екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қытайдың халықаралық қауымдастық алдындағы беделі зор және оның жетістіктерін бүкіл әлем мойындайды. Қазіргі таңда еліңізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді бәріміз үлкен қызығушылықпен қараймыз. Бұл, ең алдымен, Сіздің көреген басшылығыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасы деп санаймын. Өзіңізді халқын алға бастап келе жатқан тегеурінді көшбасшы және жаһандық деңгейдегі парасатты саясаткер ретінде ерекше құрметтеймін. Сіз көтерген игі бастамаларды қолдауға әрқашан дайынбыз. Қазақстан Қытаймен мәңгілік әрі стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайта беруге қашанда мүдделі. Соңғы жылдары мемлекеттеріміз арасындағы саяси диалог айтарлықтай жандана түсті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Президенттің айтуынша, тараптар сауда-экономикалық салада мол табысқа қол жеткізді.

Қытай – Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Осы уақытқа дейін ҚХР еліміздің экономикасына 30 миллиард доллар инвестиция салды. Былтыр екіжақты сауда-саттық көлемі 49 миллиард долларға жетті. Қазір Қазақстанда 8,5 мыңнан аса Қытай компаниясы жемісті жұмыс істеп жатыр.

Өнеркәсіп, энергетика, газ-химия, машина жасау және ауыл шаруашылығы секілді экономиканың түрлі секторында бірлескен ірі жобалар жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу