Президент хостелде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының туған-туыстарына көңіл айтты

1209

Зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды.    

Президент хостелде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының туған-туыстарына көңіл айтты Фото: Максим Морозов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды.

Еске сала кетсек, бүгін 30 қараша Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде 13 студент өрттен қаза тапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу