Президент Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атануымен құттықтады

448

Мемлекет басшысы спортшының Қазақстанның абсолютті чемпионы атағына ие болуын жоғары жетістік деп бағалап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.  

Президент Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атануымен құттықтады Фото: time.kz

Қазақстандық үстел теннисшісі Кирилл Герасименко Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзін жеңісімен құттықтағанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Кирилл Герасименко Алматыда өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп, абсолютті чемпион атанды.

Ол барлық бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, өзінің шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Спортшы бұл жетістікке жету жолында қолдау көрсеткен жандарға алғысын білдіріп, мұндай құрметтің оны жаңа биіктерге жетелейтінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу