Президент Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кеңес өткізді

332

Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді.

Президент Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кеңес өткізді Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшылығының алдына қойылған негізгі міндеттерді атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Атап айтқанда, басқару жүйесін және әскери құрылымдарды жетілдіру, әскери қызметтің кадрлық резервін қалыптастыру, Арнайы операциялар күштері мен аумақтық қорғаныс жүйесін дамыту сынды бағыттар бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, Қарулы Күштерді цифрландыру және олардың қызметінде жасанды интеллектіні тиімді пайдалану қажеттігі айтылды.

Жиын барысында әскери қызметшілер үшін қолайлы жағдай жасау, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және қойылатын талаптарды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Президент сарбаздардың өмірі мен денсаулығын қорғау – барлық деңгейдегі қолбасшылықтың тікелей жауапкершілігі екенін қадап айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу