Президент Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өрт сөндірушілер жедел штабына бармақ

1630

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 қыркүйек күні Қостанай облысына жұмыс сапарымен баратыны хабарланған болатын.

Президент Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өрт сөндірушілер жедел штабына бармақ

Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысатынын Президент баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазған болатын.

Сонымен қатар Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап. Жалпы облыстағы жағдай толық бақылауда.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин басқаратын жедел штаб табиғи апаттарды жоюға қатысатын барлық органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу