Президент Кубогінің алғашқы ширек финалистері анықталды

1587

Еліміздің ең үздік теннисшілері елордада сынға түсуде.

Президент Кубогінің алғашқы ширек финалистері анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында "Президент Кубогі" аясында Ұлттық теннис орталығының жазғы хард корттарында ATP Challenger Tour және ITF Women's World Tennis Tour сериясының халықаралық турнирлері өтуде. 17 шілде басталған жарыстар 24 шілдеге дейін жалғасатын болады.

Биыл "Президент кубогінде" Қазақстанның намысын еліміздің ұлттық және жастар құрамаларының мүшелері – Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Тимофей Скатов, Бейбіт Жукаев, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Максим Батютенко, Гозаль Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Аружан Сағандықова, Сандуғаш Кенжибаева қорғауда.

Кезекті жарыс күні алғашқы ширек финалистер анықталды. Бейбіт Жұқаев екінші айналымда израильдік Даниэль Цукерманды 6:4, 5:7, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Үшінші сетте қазақстандық 0:4 есебімен жеңілгенімен, шешуші сәттерде Бейбіт жеңіске деген жігер танытып, қарсыласын тізе бүктірді. Ширек финалда Ақтау теннис мектебінің түлегі әлемнің бұрынғы 33-ракеткасы, өзбекстандық Денис Истоминмен сынға түседі.

Ал алматылық Денис Евсеев турнирдің алтыншы нөмірлі ракеткасы болып тіркелген ресейлік Евгений Карловскийді 3:6, 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Енді теннисшіміз Михаил Кукушкинді жарыс жолынан шығарған бразилиялық Габриэль Декампспен ширек финалда кездеседі.

Сондай-ақ ITF World Tennis Tour W60 турнирі аясында Жібек Құламбаева алғашқы айналымда израильдік Шавит Кимчиді жеңді – 6:1, 1:6, 6:3. Келесі кезеңде қазақстандық теннисші На Ли Ханға (Оңтүстік Корея) қарсы ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу