Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті.
"Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді. Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі," – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу