Президент Ресейдегі жағдайға байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді

2677

Мемлекет басшысы Ресейдегі жағдайға қатысты құқық қорғау органдарының есебін тыңдайды

Президент Ресейдегі жағдайға байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 25 маусым күні Қауіпсіздік кеңесінің жоспардан тыс отырысын өткізіп, Ресейдегі жағдайға қатысты құқық қорғау органдарының есебін тыңдайды, деп  inbusiness.kz  Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысына Премьер-Министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді.

Жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарланып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу