Сондай-ақ, осы қадам арқылы ұйымның беделін арттыруға болатынын сөз етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мемлекет басшысы ынтымақтастықты нығайту жолында "Түркі мемлекеттері ұйымы +" форматын қолданудың маңызына мән беріп отыр.
– Ұйымымыздың беделін арттыру үшін Ресейдің ниетіне оң пікірімізді білдіріп, бұл елді осы форматқа қосылуға немесе Ұйымға бақылаушы ретінде қатысуға шақырсақ, дұрыс әрі әділетті шешім болар еді. Өйткені Ресей ірі мемлекет ретінде көне заманнан бері түркі әлемімен тығыз байланыста болған. Бұл елде тарихи мекенін тапқан түркі халықтары көп. Қазіргі уақытта Ресей "Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі" деген тұжырымдаманы дәріптеуде. Қазақстан бұл тұжырымдаманы қолдайды. Орыс тілінде түркі тілдерінен тамыр тартатын сөздер де аз емес. Жалпы, Ресей түркі елдерінің, яғни біздің Ұйымның бір бөлігі болса, бәрімізге пайдасын тигізер еді, – деді Мемлекет басшысы.