Президент сайлауында қанша адам дауыс берді

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
2749

Орталық сайлау комиссиясы ресми мәліметті жариялады.

Президент сайлауында қанша адам дауыс берді

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 22:00-дегі жағдай бойынша елдегі сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс беруге қатысқан. Бұл дегеніміз - 11 млн 947 мың 995 адам. Мұндай дерек облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, ел астанасындағы сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтері негізінде әзірленіп отыр.

Өңірлер арасында биылғы президент сайлауында Алматы (89 пайыз), Ақтөбе (84,9 пайыз), Шығыс Қазақстан (84,9 пайыз), Түркістан (84,8 пайыз), Қостанай (84,1 пайыз) және Ақмола (83,4 пайыз) облыстарының сайлаушылары белсенділік танытты.

Дауыс беру көрсеткіші төмен өңірлердің "көшін" Алматы қаласы бастап тұр. Алматылықтардың тек 52,2 пайызы ғана сайлау бюллетеньдерін алған. Одан кейінгі орында Батыс Қазақстан облысы тұр. Батысқазақстандықтардың 66,3 пайызы дауыс беруге келген. Сондай-ақ Шымкент (67,6 пайыз) және Нұр-Сұлтан (68,9 пайыз) қалаларындағы сайлаушылардың да дауыс беру белсенділігі төмен.

2015 жылы өткен президент сайлауында ел сайлаушыларының 95,22 пайызы дауыс беруге қатысқанын атап өткен жөн. 

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Ел сайлаушылары 20:00-ге дейін дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Бірер сағаттан кейін Exit-poll нәтижесі жарияланады.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу