Президент: Шетелдіктер Қазақстан қалаларының тазалығына тәнті болып жатыр

232

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" акциясына қатысушылар алдында сөз сөйледі. 

Президент: Шетелдіктер Қазақстан қалаларының тазалығына тәнті болып жатыр Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты аялау, өзара құрмет пен белгіленген нормаларды сақтау қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болуы қажеттігін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Табиғатты аялау, өзара құрмет қағидаттарын, сондай-ақ барлық белгіленген нормалар мен ережелерді сақтау отандастарымыздың мінез-құлқының, тіпті ұлт болмысының ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Оның үстіне, қазір Конституцияның өзі осыған міндеттейді. Тазалық, тәртіп және жайлылық әлемде халықтың тұрмыс мәдениеті мен өркениет деңгейінің, сондай-ақ адамгершілік қасиеттерінің көрінісі ретінде қарастырылады. Бұл – ақиқат", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан қалаларының тазалығы мен көркі шетелдік қонақтардың да назарын аударып келеді.

"Жақында Астана мен Алматыға Американың белгілі конгрессмендері келді. Олар көшелердің тазалығы мен жинақылығына таңғалып, қаланы басқару деңгейі мен сапасына жоғары баға берді. Әлеуметтік желілерде ірі қалаларымыздың келбетіне тәнті болған шетелдік қонақтар мен туристердің бейнежазбаларын жиі байқаймыз. Көрікті қоғамдық кеңістіктер, қауіпсіздік пен жайлылық шетелде Қазақстанға қатысты оң пікір қалыптастырады. Бұл, әрине, қуантарлық жайт. Дегенмен біз имидж үшін жұмыс істемей, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуды ойлауымыз керек. Басты мақсат – осы. Ел ішіндегі жетістіктер халқымыздың патриоттық сезімін оятады. Өз елін мақтан тұтып, туған жерге пайдасын тигізуге үндейді", – Мемлекет басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу