Президент: Судың ысырапты шығыны ел дамуына қатер төндіреді

1448

Елімізде толық ауқымды экологиялық ревизия жүргізіледі. 

Президент: Судың ысырапты шығыны ел дамуына қатер төндіреді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңес отырысында оңтүстік өңірлердегі суару жүйесін жаңғыртуды тапсырды. 

"Елімізде экологиялық проблемасы жоқ бірде-бір өңір жоқ. Қалыптасқан ахуал бізді ең бір шешімтал әрекеттерге үндейтін дабыл белгісі деп есептеймін. Қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру үшін толық ауқымды экологиялық ревизия жүргізу қажеттігі туындап тұр",  деген Мақтааралдағы сәтті тәжірибені өңірлерге тарату керектігін қозғады.

"Қазақстан үшін ауылшаруашылық қажеттелікке су бұру кезінде ірі көлемде ылғал жоғалтатынымыз үлкен проблема болып тұр. Биыл бұл сан 2000 текше шақырымға жетті немесе  алынатын судың жалпы көлемінің 22 %-ы деген сөз. Мұндай көрсеткіш бізге жарамайды. Жолдауда бұл мәселені көтерген болатынмын. Бұл мәселе  біздің ұзақ мерзімді экологиялық тұрақтылығымызға ғана әсер етіп қана қоймайды. Сонымен бірге еліміздің толыққанды дамуына қатер төндіреді. Сондықтан бұл проблеманы ұлттық су бөлісу есептеріне цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жылдам әрі түбегейлі шешу қажет. Сәтті тәжірибеміз де бар. Түркістан облысының Мақтаарал ауданында "К-19" ірі шаруашылық арнасын цифрландыру бойынша ілкі жоба іске асырылды. Осы тәжірибені Оңтүстік ауылшаруашылық кластерінің суару жүйесін жаңғыртуға қолдану керек",  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Есжан Ботақара


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу