Президент сыйлығын иеленген кәсіпорындар белгілі болды

1537

Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа", "Парыз" байқауларының үздіктерін марапаттады.  

Президент сыйлығын иеленген кәсіпорындар белгілі болды  Фото: Айтжан Мурзанов

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін анықтауға арналған "Парыз" республикалық байқауының бас жүлдесі"Еуразиялық топқа" бұйырды. Ал Қызылорда облысындағы "Абзал и К" компаниясы "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" аталымы бойынша топ жарды. 

"Алтын Сапа" байқауының "Үздік индустриялық жоба" аталымында Қарағанды облысындағы "Бёмер Арматура" ЖШС көш бастаса, "Үздік инновациялық жоба" аталымында Қызылорда облысындағы "СКЗ-U" ЖШС жеңімпаз деп танылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарға сыйлықты өз қолымен табыстады. 

Айта кетейік, "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын", "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын", "Үздік ұжымдық шарт" және "Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін" деген аталымдардан тұратын "Парыз" байқауын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2008 жылдан бері өткізіп келеді. 

Байқауға шағын, орта және ірі бизнес субъектілері қатысады. Биыл байқауға 446 өтінім келіп түсті. Оның 305-і шағын және орта, ал 141 кәсіпорын ірі бизнес субъектісі болды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу