Құжатқа сәйкес, Ұлттық банк Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып қала береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ережеде Ұлттық банктің негізгі міндеттері нақтыланды:
- ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу,
 - төлем жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету,
 - қаржы жүйесінің тұрақтылығына жәрдемдесу,
 - валюталық реттеу мен бақылауды жүзеге асыру,
 - статистикалық қызмет атқару,
 - қаржы нарығына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу.
 
Ұлттық банк Қазақстанның орталық банкі әрі банк жүйесінің жоғарғы деңгейі ретінде айқындалды.
Жаңа құжатта төрағаның, басқарманың, директорлар кеңесінің және ақша-несие саясаты комитетінің өкілеттіктері кеңейтілді.
Ұлттық банк төрағасы Президенттің ұсынысы бойынша Парламент Сенатының келісімімен 6 жыл мерзімге тағайындалады және тек Мемлекет басшысының шешімімен қызметінен босатылады.
Жарлық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу