Президент V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде кеңес өткізді

484

Жиында Ұлттық құраманың, спорт кешендердің, қонақ үйлер мен мәдениет орындарының дайындық барысы, сондай-ақ қоғамдық көлік, қауіпсіздік және тазалық мәселелері пысықталды.

Президент V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде кеңес өткізді Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындары ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілетін әлемдегі ең ірі жарыс екенін атап өтіп, оны жоғары деңгейде ұйымдастыру, халқымыздың терең тарихы мен мәдениетін, қонақжайлылығын көрсету, меймандар мен спортшыларға қажетті жағдай жасау маңызды екеніне назар аударды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кеңесте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу