Президент: Жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді

Мемлекет басшысы Ақордада өткен медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шарада сөз сөйледі.   

Президент: Жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, жаңа Конституцияда ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аударылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Мемлекетіміздің мызғымас тірегі – жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді.

Біз ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық.

Соған сәйкес Конституцияда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлыққа ұқыпты қарау қағидаттары айқындалды.

Бұл адам өмірін сақтау медицина мамандарының міндеті ғана емес, тұтас қоғамның жауапкершілігі екенін көрсететін маңызды қадам болды, – деді Мемлекет басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу