Президент жаңа жасақталған үкімет те тиімсіз жұмыс істейтінін мәлімдеді

4470

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инфляция, азық-түлік қымбатшылығы туралы айтып, оған үкімет мүшелерін кінәлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Президент жаңа жасақталған үкімет те тиімсіз жұмыс істейтінін мәлімдеді

Президенттің айтуынша, қазір инфляцияның шарықтап кетуі ең күрделі мәселе болып отыр. Бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер етті. Оның деңгейі 19,2 пайызға жетті. Жалпы азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттады.

"Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді. Оның өзінде бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр. Яғни қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр. Ал шын мәнінде, керісінше болуы керек. Үкімет бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойды. Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып, дүкендерді аралап жүр, басқа тәсілдер және жаңа идеялар жоқ. Мұндай жұмыс ешқашан тиімді болған емес. Бір сөзбен айтқанда, нарық заңдылығына сай келетін жаңа ұстаным жоқ", – деді Тоқаев.

Дегенмен ол үкіметті тағы да тарату мәселесін көтерген жоқ. 

Еске сала кетейік, қаңтар оқиғасындағы халық наразылығынан кейін бұрынғы үкімет отставкаға жіберілген болатын.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу