Президент Жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды

693

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елді цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға басымдық беру қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Президенттің айтуынша, экономиканы жаңғыртудың басты жолы – жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект технологиясын кеңінен енгізу.

"Ол үшін ең алдымен Цифрлық кодекс қабылдау қажет. Бұл құжатта цифрландырудың негізгі бағыттары, жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен деректерді пайдалану және өзге де мәселелер нақты айқындалуға тиіс. Жаңа технологиялық дәуірдің толыққанды бөлігіне айналу үшін мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оны азаматтардың мүддесіне барынша сай етуіміз керек. Сондай-ақ, ашықтық пен тиімділікті еселеп арттыру қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте Мемлекет басшысы стратегиялық шешім қабылдап, жаңа мемлекеттік орган құруды ұсынды.

"Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Бұл ведомствоны Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы тиіс. Үкімет барлық салаға жасанды интеллектіні енгізіп, экономиканы түбегейлі жаңғыртуға күш салуы керек. Қазақстан бәсекеге қабілетті ел ретінде дамуы үшін жаңа тәсілмен жұмыс істеуге міндеттіміз", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу