Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты

507

Мемлекет басшысы Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты Фото: akorda.kz

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар, Армения Премьер-Министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады. ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу