Президентке көп дүние жетпей жатады – Абылай Мырзахметовтың сұхбаты

5951

"Атамекен" трансформация мәселесіне қаңтар оқиғасынан кейін ғана назар аударған жоқ, өзгерісті әлдеқашан бас­тап кеткен. Сондай-ақ Ұлттық палата кәсіпкерлер үшін цифрлық жобаны таныстырады.  

Президентке көп дүние жетпей жатады – Абылай Мырзахметовтың сұхбаты

Кейбір шенеунік оның жұмыс істеуіне қарсы. Себебі ол ашық саясатты жүргізеді. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.

"Атамекеннің" транс­фор­­ма­циясы Үкімет ұлттық пала­таның құрамынан шыққан сәттен басталды. Ұйым заң аясында өз болашағын ай­қын­дап, бағыт-бағдарын белгіледі.

"Өзгеру – өмірдің талабы. Бірақ ұлттық палата өзгерісті әлдеқашан бас­тап кеткен. Мұны "Атамекеннің" жұмы­сымен жақсы таныс адамдардың бәрі біле­ді. Біз трансформация мәселесіне қаңтар оқиғасынан кейін ғана назар аударған жоқпыз. Бұл процесс екі-үш жыл бұрын бас­талған. Палатаның арнайы заң­мен құрылғанына 8 жыл болды. "Атамекен" құ­рыл­ғанға дейін елімізде бизнестің мүд­десі мен құқығын қорғайтын 800-ге жуық түрлі қауымдастық бол­ған. Олардың би­лік­пен бетпе-бет отырып, тең жағдайда сөйлесе алатын құ­зы­реті болған жоқ. Биз­нес­тің мүд­десін де тиісті деңгейде қорғай алмады. Осы бір олқылықтың орнын толтыру мақ­сатында "Атамекен" құрылды. Ұлттық палата – сая­си мекеме емес, бұл – үкі­мет­­тік емес қоғамдық ұйым. Сондықтан оны қаржыландыру Үкі­­­­­мет­ке жүктелмеген. Ұйым өзін-өзі қаржы­лан­дыруы керек. Яғни ірі кәсіпкерлерден түсе­тін ерік­ті жарналар есебі­нен қаржы­ландырылып келе жатыр", – деді Абылай Мырзахметов "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында.

"Ірі компаниялардың қаржысы шағын бизнесті дамытуға бағытталады"

Абылай Мырзахметов Ұлттық палатаның сол кездегі өзгерістегі негізгі бағыты елдегі әр­бір кә­­сіп­кермен тығыз байланыс ор­нату болғанын атап өтті. Тиісінше, саласына, құ­ры­лы­мына, орналасқан аумағына қара­мастан олардың мұң-мұқта­жына құлақ асып, мәселесін шешуге ықпал ету.

"Қазақ­стан­да 1,3 млн-нан аса кәсіп­кер бар. Оның 90 пайыздан астамы микро және шағын бизнеске тие­сілі. Олардың 30 пайызы сау­да саласында шоғырланған. Едәуір бөлігін қызмет көрсету сала­сы құрап отыр. Өкінішке қарай, өн­ді­ріс­тің үлесі аса көп емес. 280 мың­ға жуық шаруа қожалығы бар. Мен "Атамекен" туралы заң жазы­лып, қабылданған сәттен бастап осы ұйымның басшы­лы­ғында жүрмін. Сондықтан "Атамекеннің" идеологиясын, негізгі мақсатын өзімнің ішкі жан дүниемнен өткіздім деп ашық айта аламын. Біздің негізгі мақсатымыз қазір жарна төлеп отырған ірі компаниялардың, ірі банктердің қаржысын шағын және орта бизнестің дамуына бағыттау болды", – деді басшы.

"Цифрлық экожүйе таныстырылады"

Палата басшысы осыдан үш жыл бұрын "Атамекенді" өзгертудің бір ғана жолы бар еке­нін анық ұғынғанын атап өтті. Ол – ұйым­ға цифрлық тұрғыдан транс­фор­ма­ция жасау. Бұл туралы талай рет ай­тылды, жазылды.

"Жобаның тұжырымдамасын өткен жылдың 29 желтоқсанында аяқтап, бекіттік. 2022 жылдың басын­да жұртшылыққа жария етуі­міз керек еді. Бірақ қаңтар­да­ғы оқиғалар килігіп кетті. Қазір Ұлттық палатаның кезектен тыс съезіне дайындалып жатыр­мыз. Осы шараның алдында біздегі жаңашылдықтардың таныстырылымын жасаймын. Съезге кел­ген кәсіпкерлер өз баға­сын береді, ойларын ортаға салады деп сенемін", – деді Абылай Мырзахметов.

"Цифрлық жобаның кәсіпкерге қандай пайдасы бар?"

Абылай Мырзахметов цифрлық жобаның қалай қызмет көрсететіне тоқталды. Жоба дегеніміз – мобильді қосым­ша. Ол ауыл­­дағы, қала­дағы кәсіп­кер­лер­дің бәріне қолжетімді бол­мақ.

"Кәсіп­кер қосымшаға тіркеледі. Қа­жетті де­рек­терді енгізеді. Міне, сол дерек­тер­дің негізінде кәсіп­керге қажетті мем­лекет­тік қызмет­тер­дің бәрі цифрлық фор­матта ұсынылады. Бұл жерде басы артық дерек, қызмет болмайды. Екін­ші жағынан кәсіпкермен кері байла­ныс жолға қойылады. Осы орайда "Атамекеннің" кәсіпкерлерге арналған тағы бір жобасы туралы аз-кем айта кету­дің реті келіп тұр. Қазақ­станда "Азаматтарға арнал­ған үкі­мет" жұмыс істейтіні белгілі. Біз халық пен кәсіпкер­лерге көрсетілетін қызметті қабат­тастыр­мау үшін "Бизнеске арналған үкімет" жобасын ұсындық. Мұны Президент қолдады, тиісті тапсырмалар берді. "Бизнеске арналған үкімет" биз­нес­ке қатысты қызметтердің бәрін қам­тиды. "Даму" қоры, "Бәйтерек" хол­дингі ұсынатын қызметтер де осында шоғырланбақ", – деді ол.

"Жоба арқылы 2-3 млн адамды қамтуға болады"

Палата басшысының айтуынша, "Атамекен" кәсіп­кер­лер­­дің ұйымы болған соң, біз дайындаған цифр­лық қосым­шаның игілігін ең алды­мен, палата мүшелері көреді. Дегенмен бұл жоба арқылы 2-3 млн адамды қамтуға болады.

"Қазақстанда бизнеске ар­­нал­ған мемлекеттік қолдау шаралары көп. Өкінішке қарай, соның бәрі діттеген жерге жетпей жатыр. Айталық, жұмысқа тұру үшін Жұмыспен қамту орталық­тарына бару керек. Бірақ қа­ла­ның қиыр шетінде тұра­тын адам қаланың екінші бір бұры­шын­­да орналасқан мекемеге бар­­май­ды. Мұндай мекеменің бар екенін, қайда орналасқанын біл­­мей­­тіндер көп. Орталықты із­д­еп бар­ған күннің өзінде тиісті ақ­­­­па­­­рат­ты ала алмай, алса да түсі­­­­не алмай қиналатындар бар. Міне, біз ұсынып отырған сервис жұмыссыздар, өзін өзі жұ­мыс­­­пен қам­тығандар, жеке қо­сал­­­­қы ша­руашылық иелері­нің, кәсіпкерлердің тиісті ақпа­рат­тар­­­­ды және мемлекеттік қызмет­тер­­­­ді алуын жеңілдетеді әрі жеделдетеді", – деді Абылай Мырзахметов.

"Қосымшаны қалай пайдалануға болады?"

Айталық, ауылдағы кәсіпкердің бірі мемлекеттік мекемеге цифр­лық қосымша арқылы салық­тық есебін тапсырды делік. Бірақ мұ­ны­мен іс бітпеуі мүмкін. Са­лық инспекторы кемшілік тауып, құжатты кері қайтаруы ықти­мал.

"Мұндай кезде тиісті ақпарат қо­сымшаға келіп түседі, кәсіпкер бір­ден хабардар болады. Яғни бүкіл процесс ашық жүреді. Кім­нің немен, қалай айналысып жат­­қаны ашық көрсетіледі. Қазақстандағы сауданың шамамен 30-40 пайызы "көлеңкелі айналымда" екені белгілі. Әсіресе, базар­дағы сатушылар сауданы қолма-қол ақша­мен жасайды. Соның бірден-бір себебі сатушылардың салыққа үрке қарай­тынынан. Олар салық органдары­­­мен қарым-қатынасқа түсуге қорқады. Қағаз толтырудан қашады. Сондықтан олар­­ды сүйемелдеу керек. Кәсіпкерді салық органдарымен, нақтырақ айтсақ шенеу­нікпен бетпе-бет қалдырмауымыз керек. Міне, осын­дай жағдайларда "Атаме­кеннің" жер-жердегі мамандары қос тараптың жұмысын рет­тей­ді", – деп түсіндірді Абылай Мырзахметов.

"Атамекенге" қанша кәсіпкер жарна төлеп отыр?

Басқарма төрағасы палатаға 1,3 млн-нан астам кәсіп­кер­дің 2 пайызы ғана жарна төлейтінін айтты.

"Яғни 20 мың­нан астамы заңға сәй­кес жар­на төлеуге мәжбүр. Әлбет­те, бұ­лар­дың бәрі – ірі бизнес субъектілері. Жарна мөлшері заңға сәйкес ұлттық палатаның құрыл­та­йында бекітіледі. Соңғы үш жылдағы жағдайға назар аударсақ, жылдық қаржы айналымы 170 млн теңгеден асатын кәсіп­кер­лер ғана жарна төлеуге мін­дет­телген. Бұл санатқа жата­тын­­дар көп емес. Онда да "жар­наны неге төлемедің" деп қысым жасал­майды. Салық инспектор­лары қадағаламайды. Бұл жұмыс жер­гі­лік­ті орындардағы "Атаме­кен­нің" маман­дары­ның хабарласуы, еске салуы ар­қылы жүргізіледі", – деді ол.

"Бизнесте қазақтар неге аз?"

Ауылдағы кәсіпкерлер санын арттыру үшін жыл сайын Ұлттық палата "Бастау Бизнес" жобасы арқылы 30 мың адамға бизнес бастауды үйретеді.

"Жалпы біз салмақты, байсалды халықпыз. Сөз жоқ, мұның бәрі асыл қасиет. Бірақ бизнес үшін кейде пысық болу керек. Бұл бір. Екіншіден, біздің елде қазақтардың бизнес нарығында тұрақтап қалуына жеткілікті жағдай жасалған жоқ. Мұны мойындауымыз керек. Әр кәсіпкерге жеке көңіл бөлінбеді, оларды сү­йе­мелдей алмадық. Оның ішін­де бизнестен бақ іздеген ауыл адамдарына қолдау көрсетілмеді. Қаладағы игілік ауылға жетпеді. Біз осыны ескеріп "Бастау" жобасын қолға алдық. Сол арқылы ауыл кәсіпкерлігінің бойына қан жүгірді. Жоба үш аптаның ішінде ауыл адамдарына кәсіп бастаудың жолын көрсетеді. "Бастау" арқылы жылына 30 мың адам оқиды. Оның жартысынан астамы бизнес жоспарын қорғап шығады", – деген пікір білдірді Абылай Мырзахметов.

"Шенеуніктер цифрлық жүйеге кедергі келтіріп отыр"

"Жобаны енгізуге "Даму", "Бәйтерек" секілді құры­лым­дар қарсы. Өзге құры­лым­дардың, мекемелердің базалары "Атамекен" ұсынып отыр­­ған қосымшаға қосылуы керек. Ал цифрлық жоба біраз дү­ние­нің бетін ашып бер­мек. Ол жер­дегі басты қағида – ашық­тық. Еш­те­ңені жасыра алмайсыз. Жал­пы елдегі жемқорлықтың тамы­ры­на балта шабатын да дәл осы цифрлық жүйелер", – деді ол.

"Президентке көп дүние жет­пей жатады"

Абылай Мырзахметов, қазіргі жағдайларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­қа жеткізгісі келетінін атап өтті.

"Осы сұхбат­ты, ондағы айтылған дүниелерді Президент оқыса деймін. Біздің үніміз Мемлекет басшысына жетсе екен. Себебі қазір халық Президентке зор сенім артып отыр және үлкен үміт күтіп отыр. Мемлекет басшысының әділ­дікке, ақиқатқа деген көз­қарасы да бөлек. Қазір еліміз өзге­ше дамуға, өзгеруге тарихи мүмкіндік алып отыр. Бірақ Прези­дент пен елдің арасында әкімдер мен министрлерден тұратын үл­кен аппарат барын ұмытпау керек. Кейде билік пен бұқара ара­сына алтын көпір болуға тиіс кейбір әкім мен министр көп­­тің мүддесіне қарсы әрекет етеді. Президентке көп дүние жет­пей жатады. Өкініштісі де сол. Біз ұсынып отырған жобалар Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет", халықтың әл-ауқатын жақсарту, елдің езілген еңсесін көтеру секіл­ді ізгі мақсаттарымен үнде­сіп жатыр", – деп аяқтады сөзін Абылай Мырзахметов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу