Президенттің АҚШ-қа сапары аясында ҚТЖ мен Wabtec арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды

1880

Мемлекет басшысы Wabtec компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдады  

Президенттің АҚШ-қа сапары аясында ҚТЖ мен Wabtec арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды Фото: akorda.kz

Кездесуде Қазақстанның теміржол саласын жаңғырту аясында Wabtec компаниясымен арадағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Рафаэль Сантана Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда сутегі технологиясын қолданатын локомотивтер мен олардың қосалқы бөлшектерінің өндірісін іске қосу, инжиринг орталығы мен технологиялық трансфертті ұйымдастыру үшін пысықталып жатқан инвестициялық жобалар туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысы компанияның көлік-логистика саласына шамамен 1 миллиард доллар инвестиция құю жоспарын құптап, мұның Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға ықпал ететінін және басқа да инфрақұрылымдық жобалар үшін негіз болатынын атап өтті.

Президенттің АҚШ-қа сапары аясында "Қазақстан темір жолы" "ҰК" акционерлік қоғамы мен Wabtec арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды. 

Wabtec (Westinghouse Air Brake Technologies Corporation) Fortune 500 тізіміне кіреді, сондай-ақ ол көлік-логистика саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірі саналады. Әлемнің 50-ден астам елінде компанияның филиалдары бар және онда 27 мыңнан аса адам жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу